Талапкерлерге

Талапкерлерге арналған 3D тур

ҚЦИК қабылдау комиссиясы

Талапкерлерге арналған орыс бейнесі
Талапкерлерге арналған қазақша бейнеролик

Талапкерлер назарына!!!

Шығармашылық емтихандарды тапсыру және әңгімелесу кестесі.

Оқуға түсү сұхбаты мен емтихан сағат 9.00 де

“Қостанай цифрлық индустрия колледж” МКҚК

9 және 11 сынып базасында келесі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды.

  • «Кәсіптік оқыту». Біліктілігі: Өндірістік оқыту шебері, техник (барлық атаулардағы) — 9 сынып негізінде.

  • «Кәсіптік оқыту». Біліктілігі: Өндірістік оқыту шебері, техник-технолог (барлық атаулардағы) — 9 сынып негізінде.

  • «Бағдарламалық қамтамасыз ету». Біліктілігі: Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші — 9 және 11 сынып негізінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

  • «Дене шынықтыру». Біліктілігі: Дене шынықтыру және спорт мұғалімі — 9 және 11 сынып негізінде (мемлекеттік және орыс тілдерінде).

  • «Жерге орналастыру». Біліктілігі: Техник-жерге орналастырушы — 9 сынып негізінде.

  • «Мехатроника». Біліктілігі: Техник-мехатроник — 9 сынып негізінде.

  • «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері». Біліктілігі: Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техник — 9 сынып негізінде.

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ 25 МАУСЫМНАН БАСТАП

Қабылдау кезінде қажетті құжаттар: 

  1. Жеке басты куәландыратын құжат (туу туралы куәлік немесе куәлік, ЖСН)
  2. Білім туралы құжат (түпнұсқа)
  3. Флюрографиясы бар 075-У нысанындағы медициналық анықтама (1,2 топтағы мүгедектер ДКК анықтамасын ұсынады)
  4. 4 сурет 3х4
  5.  Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)

Хабарландыру

2026 жылғы 25 маусымда Қостанай цифрлық индустрия колледжінде 2026-2027 оқу жылына білім алушыларды қабылдау комиссиясы жұмыс істей бастайды. Комиссия дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді. Құжаттарды қабылдау eGov электрондық үкімет порталы арқылы жүргізіледі.

 

Құрметті талапкерлер!

“Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы “Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы, орта білімнен кейінгі және жоғары білім”.

Квота санаттары:

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар-1%;
2) басқа мемлекеттердің аумағындағы бо қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер-0,5%;
3) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар-4%;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары-1%;
5) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар-5%;
6) осы мәртебесі үш жылдан кем емес толық емес отбасылар қатарындағы балалар-1%;
7) бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, І, ІІ топтағы мүгедектер-1%.

01140500 дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша нормативтер 

 


Қабылдау ережелері

Колледжге онлайн түсу үшін құжаттарды қалай тапсыруға болады?

Мамандықтар туралы ақпарат 9 сынып базасы 

Мамандықтар туралы ақпарат 11 сынып базасы 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған