Бүгін Қостанай облысының колледж студенттері арасында өткен облыстық турнир аяқталды. Жарысқа 14 команда қатысты.
Финалда екі мықты команда — Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжі және Қостанай цифрлық Индустрия колледжі кездесті.
Қарқынды күрес қорытындысы бойынша Қостанай автомобиль көлігі жоғары колледжінің командасы жеңіске жетті 🏆
Мұндай іс-шаралар командалық рухты дамытуға, студенттер арасындағы достық байланыстарды нығайтуға, эспортты танымал етуге және салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.




