Бүгін колледжімізде ең тартымды әрі жоғары технологиялық құзыреттіліктердің бірі — «Аспаздық іс» бойынша WorldSkills өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Биыл өңірдің ең үздік жас бас аспазы атағы мен облыс намысын ұлттық деңгейде қорғау құқығы үшін 13 мықты студент бақ сынайды. Қатысушылар аспаздық шеберліктерін, креативтілігін және халықаралық стандарттарға сай кәсіби даярлықтарын көрсетіп, қатаң сараптамадан өтеді.





